Бүгін, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларымен мектеп психологі «Зорлық-зомбылық деген не?» тақырыбында қысқаша түсіндіру жұмысын жүргізді. Балаларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның неге зиян екені және өздерін қалай қорғау керектігі туралы шағын бейнеролик арқылы түсінікті түрде ақпарат берді.
Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын нығайтып, бір-біріне құрметпен қарауға үйретті.
#Адал_азамат





