Бүгін мектеп оқушыларына нашақорлықтың және есірткі тасымалдаудың ауыр зардаптарын түсіндіру мақсатында «Закладчики. Мать.» атты деректі фильм көрсетілді.
Фильм арқылы оқушылар нашақорлықтың жеке адамға ғана емес, тұтас бір отбасының тағдырына кері әсер ететінін, талай шаңырақтың шайқалуына себеп болатынын терең ұғынды. Көрсетілімнен кейін балаларға зиянды әдеттерден аулақ болу, өз өміріне жауапкершілікпен қарау және дұрыс таңдау жасай білу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





