«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектебіміздің психологы Киманова Г.М. 8–10 сынып оқушыларымен «Қиын жағдайдағы дұрыс шешім» тақырыбында психологиялық сағат өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға өмірде кездесетін түрлі қиын жағдайларда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдаудың жолдары түсіндірілді. Пайдалы бағыт-бағдар беріліп, ой бөлісу арқылы оқушылардың өз көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалды.
#Адал_азамат
#ЗАҢменТӘРТІП





