Тіл мамандары Құрмаш Д.К., Кунанбаева А.С., Қалым Г.А. 5–10-сынып оқушылары арасында кітап оқу байқауын өткізді. Байқау оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығарманы терең түсініп, талдай білу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде оқушылар Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесін оқып, мазмұнына талдау жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Екінші кезеңде шығарма бойынша арнайы құрастырылған тест жұмысы жүргізіліп, оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергені бағаланды.
Комиссия мүшелері қатысушылардың белсенділігі мен білім деңгейін ескере отырып, жеңімпаздарды анықтап, байқаудың қорытындысын шығарды және ақшалай сыйлықьармен мараппаталды. Нәтижесінде:
🥇орын - Куанышева Мадияна
🥈орын - Алдан Марал
🥉орын - Қаратаева Малика





