Бүгін мектеп оқушыларымен «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызын жан-жақты түсіндіру, суды ұқыпты әрі тиімді пайдалануға үйрету. Суды үнемдеудің жолдарын насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды бағалауға, жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.





