Сәлеметсіздер ме, құрметті әлеуметтік желі қолданушылар!
Мен, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы «Дауқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сердалина А.С. Сіздердің назарларынызға 2025-2026 оқу жылының 3 кварталда атқарылған мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты ұсынамын.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 2025-2026 оқу жылына шағын орталыққа, даярлық сыныбына тәрбиеленушілерді, 1, 10 сынып оқушыларын SMART NATION порталы арқылы 1 сәуірден 1 тамыз аралығында ата-аналардың берген өтініші бойынша 1 сыныпқа - 3 оқушы ,10 сыныпқа - 4 оқушы, шағын орталыққа - 5, мектепалды даярлық сыныбына -3 тәрбиеленуші қабылданды. Жалпы мектепте 44 оқушы білім алуда.
Мектепте жеке кәсіпкер «Гүлден» Шамғанова Арай Қабиденқызының ұйымдастыруымен мектепте 100 пайыз оқушылар мен тәрбиеленушілер ыстық тамақпен қамтылған. Оның халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларынан 31 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекттік қызметі бойынша 2 мұғалімге «педагог-зеоттеуші» санаты берілді.
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі де көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты мектебіміздің 1 қабатында орналасқан стендтен алуға болады. Онда мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарының үлгілері көрсетілген және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.