“Шығармашылық ізденіс – шеберлік шыңның бастамасы” тақырыбында Дауқара орта мектебінде екінші әдістемелік кеңес отырысы өтті. Жиында мектепшілік олимпиаданың қорытындысы талданып, аудандық олимпиадаға дайындық жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар жас мамандар Серикова А.А, Кунанбаева А.С, Қалым Г.А заманауи білім беру платформалары мен жаңа технологиялар туралы жан-жақты ақпарат беріп, “Learning up”, “Wordwall”, “Virbo”, “Gamma up”, “Canva”, “Cupcat”, “ChatGPT” сияқты сервистерге тіркелу және қолдану жолдарын көрсетті.
Әдістемелік кеңес педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және оқу үдерісіне инновацияларды енгізуге бағытталған маңызды алаң болды. Отырысқа қатысқан мұғалімдер пікір алмасып, алдағы оқу кезеңіне ортақ жоспарлар мен міндеттерді айқындады.





