Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында 3–4-сынып оқушылары арасында «Планетаның болашағы – біздің қолымызда» атты экологиялық квест ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігі артып, қызығушылығы оянды. Квест соңында оқушылар табиғатты қорғау тақырыбында суреттер салып, өз ойларын шығармашылық арқылы жеткізді.





