"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

Облыстық жаңа жылдық шырша мерекесі 🌟

Previous Next

Облыстық жаңа жылдық шырша мерекесі 🌟

 
Жаңа жыл қарсаңында облыс көлемінде өткен дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесіне өңірдің дарынды әрі белсенді оқушылары қатысты.
 
Аталған шарада Дауқара орта мектебінің оқушысы Кожина Альбина “Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған «Ғажайып жаңа жыл» облыстық жаңа жылдық костюмдер байқауында” жаңа жылдық «Шырша шырайы» киімімен байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік — оқушымыздың таланты мен жетекшісі Индира Мухтаровнаның тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының айқын нәтижесі.
 
Сонымен қатар, аудан ориалығындағы Мәдениет үйінде жаңа жылдық шырша мерекесіне де мектебімізден 4-сынып оқушысы Балхаш Нұрасыл мен 7-сынып оқушысы Кожина Исламия қатысып, керемет көңіл күймен, жарқын әсермен оралды. Аудан әкімі Мейрам Меңдібаев барша оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
 
Барша оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, жаңа жыл баршаға қуаныш пен табыс әкелсін деп тілейміз! 🎉🎄
Записаться на прием