Дауқара орта мектебінде өткен мектепішілік пәндер олимпиадасының қорытындысы жарияланып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталды. Білім сайысында ерекше білімділік, ынта-жігер танытқан бірқатар оқушылар жүлделі I орынға ие болып, аудандық кезеңге жолдама алды. Бұл жетістік – олардың тынымсыз еңбегінің, ұстаздарының бағыт-бағдары мен қолдауының нәтижесі.
Аудандық олимпиадаға жолдама алған оқушылар тізімі:
• Қазақ тілі пәнінен – 7-сынып оқушысы Ақжигитова Инабат
• Қазақ тілі пәнінен – 8-сынып оқушысы Әлім Жансерік
• Биология пәнінен – 8-сынып оқушысы Құрмаш Дамир
• География пәнінен – 8-сынып оқушысы Алдан Марал
• Қазақстан тарихы пәнінен – 8-сынып оқушысы Қайыр Аружан
• Қазақ әдебиеті пәнінен – 9-сынып оқушысы Қаратаева Малика
• Қазақстан тарихы пәнінен – 10-сынып оқушысы Қуанышева Мадияна
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы аудандық кезеңде жоғары нәтижелер көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етеді деп сенеміз. Білімге деген талпыныстары мен жауапкершіліктері өздеріне шабыт, биік белестерге бастайтын жол болсын!





