Мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Алтаева И.М. көп балалы және аз қамтылған отбасыларды аралап, әлеуметтік жағдайларымен танысып, акт жасады.
Аралау барысында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты ақпарат беріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді





