“Ұлттық кітап” күніне арналған жоспар аясында бастауыш сынып оқушыларымен “Балалар жазушыларымен танысу” тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің көрнекті жазушыларымен танысып, олардың қызықты шығармалары туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, балаларға жазушылардың өмірі мен еңбектері жайлы қысқаша деректер айтылып, сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісті.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер оқушылардың рухани дамуына үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.





