"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

“Ұлттық кітап күні” аясында жоғары сынып оқушыларымен «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылды

Previous Next
“Ұлттық кітап күні” аясында жоғары сынып оқушыларымен «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылды 📚✨. Пікірталастың негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтардың маңызын түсіндіру және заманауи ақпарат көздеріне сыни көзқарас қалыптастыру болды.
Пікірталасқа оқушылар екі командаға бөлініп қатысты:
І топ – Digital Urpaq 💻
ІІ топ – Kitap Leaders 📖
Командалар өз көзқарастарын дәлелдеп, пікір алмасу барысында келесі сұрақтар төңірегінде ой бөлісті:
1. Кітап – рухани құндылықтың негізі ме?
2. Қазіргі заманда интернет кітаптың орнын алмастыра ала ма?
Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдер келтіріп, бір-бірінің пікірлерін құрметтей отырып, мазмұнды талқылау жүргізді. Пікірталас барысында кітаптың адам өміріндегі орны, оның тұлғалық дамуға әсері, сондай-ақ интернеттің мүмкіндіктері мен шектеулері жан-жақты қарастырылды. Нәтижесінде оқушылар рухани құндылықтардың маңызын терең түсініп, кітаптың адам тәрбиесіндегі ерекше рөлін атап өтті.
Записаться на прием