"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

«Ерекше күндер» аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Previous Next
«Ерекше күндер» аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектепте «Ерекше күндерге» арналған тақырыптық материалдарды ақпараттық-білім беру стендтерінде, кітапханада, ресми сайтта және әлеуметтік желілерде жариялау арқылы оқушылар мен ата-аналардың ақпараттану деңгейін арттыру, қоғамда төзімділік мәдениетін қалыптастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Халықаралық мүгедектер күні, Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні, Халықаралық Даун синдромы бар адамдар күні, Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні, Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күні сияқты маңызды күндердің мәні мен маңызы туралы ақпараттар берілді. Бұл жұмыстар білім алушылардың ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген құрметін арттыруға, жанашырлық пен түсіністік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.
Аталған бағыттағы түсіндіру жұмыстарын дефектолог маман Абишева Г.К. жүргізді.
 
 
 
 
 
Записаться на прием