Дауқара орта мектебінде «Құстарға арналған ұя» экологиялық акциясы ұйымдастырылды 

Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру және көктем мезгілінде құстарға қамқорлық көрсетуге бағытталды. Акцияға бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары белсенді қатысып, құстарға арнап ұя жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Бұл шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды бақылауға қызығушылығын дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз 






