"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

🎄✨ Дауқара орта мектебінде керемет Жаңа жылдық кеш өтті! ✨🎄

Previous Next

🎄✨ Дауқара орта мектебінде керемет Жаңа жылдық кеш өтті! ✨🎄

 
Аталмыш мерекелік шара жас мамандардың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Оқушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән шырқалып, би биленіп, сахналық қойылымдар көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
Сырымбет ауылдық округінің әкімі Медетбек Жұмабекұлы жаңа жыл мерекесіне орай арнайы келіп, көпбалалы отбасыларды мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Сонымен қатар, ауылымыздың мақтанышына айналған жас спортшыларымыз — Құрмаш Дамир мен Айтқожа Айымды жеткен жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіріп, арнайы сыйлықтар тапсырды.
 
Кеш барысында оқушылардың шығармашылығы, белсенділігі мен бірлігі айқын көрініс тапты. Жаңа жылдық кеш барша қатысушыға шаттық пен жағымды әсер сыйлады.
 
🎁 Шара соңында барлық оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік кеш нағыз мәз мейрамға ұласты. 🎉🎊
Записаться на прием