"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

Біздің спортшы өрендер

Previous Next

Дауқара орта мектебінде оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мектебімізде күш-қуаты басым, мақсатқа ұмтылған, тәртіпті де төзімді спортшылардың қатары жыл санап артып келеді. Оқушыларымыз мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі спорттық сайыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Осы жетістіктер арқылы олар мектебіміздің де, ауылымыздың да атын биік деңгейде танытып келеді.

 
📌 Спорттық жетістіктер:
 
25-қазан – Республика күніне орай аудандық қазақша күрес сайысы өтті. Бұл жарыста да мектебіміздің спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:
 • Абай Мұхаммед – 6-сынып оқушысы, І орын
 • Құрмаш Дамир – 8-сынып оқушысы, І орын
 • Абай Ақниет – 9-сынып оқушысы, ІІ орын
 • Кеңес Есболат – 10-сынып оқушысы, ІІ орын
 • Ақжігіт Ербатыр – 9-сынып оқушысы, ІІІ орын
 
1-қараша күні Нежинка ауылында өткен дзюдо жарысына Ануар Амантайұлының жетекшілік етуімен мектебіміздің төрт оқушысы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Дзюдодан Джумабеков Мұрат Қабенұлын еске алуға арналған республикалық турнирде төмендегі нәтижелер тіркелді:
 • Айтқожа Айым – 9-сынып оқушысы, 57 кг салмақ дәрежесінде І орын
 • Абай Ақниет – 9-сынып оқушысы, 66 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын
 • Құрмаш Дамир – 8-сынып оқушысы, 60 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын. 
Бұл оқушыларымыз өздерінің шеберліктері мен күш-қуаттарын дәлелдеп, республикалық деңгейде жүлдемен оралды.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алар асуларыңыз көп болсын деп тілейміз. Жетекшісі Ануар Амантайұлына толағай табыстар мен жеңістер тілейміз.
#АдалАзамат
Записаться на прием