Биология пәнінің мұғалімі Абдушева А.Б. 7-сынып оқушыларымен «Шартты және шартсыз рефлекстер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Суретті сөйлет» әдісі қолданылып, берілген бейнелер арқылы тақырып терең талқыланды. Сонымен қатар «Гексагон» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын жүйелеп, ұғымдар арасындағы байланысты анықтады.
Заманауи технологияны тиімді пайдалану мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктері енгізіліп, оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Бұл тәсілдер олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, тақырыпты жан-жақты меңгеруіне ықпал етті.