Дауқара орта мектебінде бастауыш сыныптар апталығы басталды.
“Білім шыңының баспалдағы – Бастауыш” тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтіп, оқушылар өз өнерлерін қамтыған концерттік бағдарлама ұсынды.
Салтанатты шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары апталықтың мақсат-міндеттерімен таныстырып, түрлі шығармашылық номерлер көрсетілді. Ән айтылып, би биленіп, көріністер қойылып, оқушылардың таланты мен өнері жарқырай көрінді.
Бұл апталық білім әлеміне алғаш қадам басқан бүлдіршіндердің ынтасын арттырып, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған игі шаралардың бастамасы болды.





