"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

Бүгін Республикалық экологиялық «Жасыл апта» челленджі аясында мектеп ұжымы белсенді қатысып, табиғатты қорғау жолында өз үлестерін қосты.

Бүгін Республикалық экологиялық «Жасыл апта» челленджі аясында мектеп ұжымы белсенді қатысып, табиғатты қорғау жолында өз үлестерін қосты. Мектеп ауласын тазалау жұмыстары жүргізіліп, айналаны ретке келтіру, қоқыстарды жинау, жасыл аймақтарды күтіп-баптау сияқты игі істер атқарылды.
Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осындай пайдалы жұмыстар арқылы біз туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қосып, бірлігімізді көрсеттік.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан алдағы уақытта да осындай игі бастамаларға белсенді қатыса береміз! 🌱♻️
Записаться на прием