"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

Тәрбие сағаты "Менің Отаным - Қазақстан"

Previous Next

Бүгін мектебімізде Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты дәріптейтін “Менің Отаным-Қазақстан” тақырыбында бастауыш және жоғары сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өтті.

Шара барысында оқушылар еліміздің тарихы мен жетістіктері жайлы мағлұмат алып, патриоттық әндер шырқап, көркем сөз оқыды. Сонымен қатар, өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, Қазақстанға деген мақтаныш сезімдерін әсерлі жеткізді.
 
📚 Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, елжандылыққа тәрбиелеу.
 
🔹 Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалып, іс-шара жоғары деңгейде өтті.
 
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақтың қолында! 🇰🇿
Записаться на прием