"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Ресми интернет-ресурс

Ата аналармен "Отбасы мәдениетіндегі қарым-қатынас" тақырыбында жиналыс дәріс

Previous Next

5–10 сынып жетекшілері ата-аналармен “16 күн гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттер” акциясы аясында “Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті” тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында отбасы құндылықтарын сақтау, ата-ана мен баланың өзара сыйластығы, түсіністігі, мейірімді қарым-қатынас орнату мәселелері кеңінен талқыланды.
Негізгі қамтылған мәселе:
– Отбасындағы бала тәрбиесі, оның психологиялық дамуы;
– Ата-ана мен баланың арасындағы сенімді диалог қалыптастыру;
– Үй ішіндегі жанжалдың алдын алу жолдары;
– Баланың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау;
– Әр отбасының ішкі мәдениеті мен бір-біріне қолдау көрсету маңыздылығы.
 
Дәріс соңында ата-аналарға өз баласының тұлғалық дамуына ықпал ететін жылы сөз, қолдау, назар мен түсіністіктің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар отбасыдағы жағымды эмоционалды орта — зорлық-зомбылықтың алдын алудың басты кепілі екендігі атап өтілді.
Записаться на прием