26.03.2026 ж Білім беру ұйымымызда педагогтердің психологиялық саулығын қолдау мақсатында «Педагогтердің эмоциялық күйіп кетуінің алдын алу» тақырыбында психологиялық практикум ұйымдастырылды.
Практикум барысында қатысушылар эмоциялық күйіп кетудің себептері мен белгілері туралы ақпарат алып, оның алдын алу жолдарымен танысты. Сонымен қатар, мұғалімдердің ішкі ресурстарын арттыруға бағытталған жаттығулар, релаксациялық техникалар және топтық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара педагогтердің көңіл-күйін көтеріп, өз-өзіне деген сенімділігін нығайтуға, кәсіби күйзелісті төмендетуге ықпал етті.
Педагог – тек білім беруші ғана емес, ол – үлкен жүрек иесі. Сондықтан олардың психологиялық саулығы – басты назарда!





