23 қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихы мен тәуелсіздіктің мәнін ұғындыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқыды және еліміздің даму жолы туралы деректермен бөлісті. Сонымен қатар, мектептің бір топ оқушылары «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының қатарына қабылданып, ант берді.
Жаңа мүшелер ел болашағына адал қызмет етуге, білімге ұмтылып, үлгілі оқушы болуға уәде етті. Мерекелік жиын жақсы деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға зор рухани әсер қалдырды.
#Адал_азамат
#РеспубликаКүні
 	
						
						
						
						
						



