2025–2026 оқу жылында Алғыс айту күніне орай мектепалды даярлық сыныбы мен шағын орталықта “Жанымыздағы жандарды бағалаймыз” атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шара барысында бүлдіршіндер мейірімділік, ризашылық және қамқорлық сияқты асыл қасиеттердің маңызын түсініп, жақын жандарға алғыс айтудың мәні туралы әңгімелесті. Балалар жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтып, тақпақтар оқып, шағын көріністер көрсетті.
Өткізген: Касейнова А.С., Абишева Г.К., Курмаш С.О.





