1 қыркүйек-еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының басталатын айрықша мерекесі. Осыған орай мектебімізде салтанатты жиын өтті. Шараға ұстаздар, оқушылар, ата-аналар қатысты. Алғашқы сөзді мектеп директоры Сердалина А.С. оқушыларды, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Әсіресе, бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше есте қалды. Жиын соңында алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы ресми түрде ашылды. Сонымен қатар жеке шаруашылық серіктестігінің басшысы Бақыт Болатқызы төрт оқушыға демеушілік көмек көрсетті.
#Bilim_quni
#Mektebim_meirim_mekenim