https://www.facebook.com/100019028287332/videos/pcb.1880792112565047/1997621457634500?__cft__[0]=AZYaqRKLMj1MJF1ac_VOcRBfsrOkJyWyn6Ef5b7F-NCrVPr6ENSmnfYMOKSCZZBqVQgJWFR1wFnTjSBLgV6GxsfgIkpZ8XJxXLW6T9I6xb-nBHJ_MApJcLV22IB1PddPvp3wgsCuBdOF9Jun-
mpyj8s8fdSIEbqRjY6RGaE4M7EbNQ&__tn__=*b1H-R
05.03.2026 ж. мектебімізде көктемнің шуақты мерекелерінің бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бұл кеш – аналарға, ару қыздарға деген шынайы құрмет пен ізгі тілектерге толы ерекше шара болды. Концерт барысында 8-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Құрмаш Дәулет Қанатбекұлының жетекшілігімен барша аналар мен қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды. Сонымен қатар ана тағдыры мен ананың шексіз мейірімін бейнелейтін әсерлі қойылымдар көрермендердің жүрегіне жол тауып, көпшілікті толқытты.
Кеш барысында айтылған әрбір ән мен орындалған әрбір өнер нөмірі аналарға деген алғыс пен құрметтің белгісіндей болды. Осындай игі шаралар арқылы оқушылар бойында анаға деген сүйіспеншілік, құрмет және ізгілік қасиеттері арта түсетіні сөзсіз.
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының жүрегі, өмірдің мәңгілік шуағы. Барша аналар мен ару қыздарды көктемнің көркем мерекесімен құттықтаймыз!





