05.02.2026 ж.
«Позитивті ойлау аумағы» декадасының жоспарына сәйкес, «Күн шуақты көңіл күй» атты декаданың ашылуы өтті.
Декаданың басты мақсаты — білім алушылардың жағымды көңіл күйін қалыптастыру, позитивті ойлауды насихаттау және көтеріңкі рух сыйлау. Ашылу барысында қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлайтын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жылы лебіздер мен шуақты сәттерге толы атмосфера қалыптасты.





