"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

«Өзіне деген сенімділік: мифтер және шындық» дөңгелек үстелі

Previous Next
«Өзіне деген сенімділік: мифтер және шындық» дөңгелек үстелі
Мектебімізде 8–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзіне деген сенімділік: мифтер және шындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, сенімділік туралы қалыптасқан стереотиптерді талдау және шынайы түсінік қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушылар сенімділік ұғымы туралы пікір алмасып, «миф» пен «шындықты» ажыратуға бағытталған тапсырмалар орындады. Сонымен қатар өздерінің күшті жақтарын анықтап, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстел оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың еркін ой бөлісуіне және бір-бірінің пікірін тыңдай білуіне мүмкіндік берді. Осындай кездесулер оқушылардың тұлғалық дамуына және өзіне деген сенімінің нығаюына оң әсерін тигізеді.
Записаться на прием