“Заң және тәртіп” айлығының жоспарына сәйкес әлеуметтік ұстаз Алтаева И.М “Мен және менің құқығым” тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген бала құқықтары, олардың міндеттері мен заң алдындағы жауапкершілігі жайлы түсінікті тілде мағлұмат берілді.
Жас ұрпақ өз құқығын біліп, оны қорғай алуымен қатар, қоғам алдындағы міндетін сезініп, заңды құрметтеп өсуі тиіс.
Заңды сыйлау – тәртіпті сақтаудан басталады!





