ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Биылғы оқу жылында Республикалық турнирлерде топ жарып, спорт шеберіне үміткер атағына ие болған қос оқушымыз — Құрмаш Дамир мен Айым Айтқожа! 
Жас спортшыларымызды осы үлкен жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!
Сонымен қатар, шәкірттеріміздің осындай жоғары нәтижеге жетуіне зор үлес қосқан бапкері Ануар Амантайұлына ата-аналар мен ұстаздар қауымы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз әрдайым еленіп, шәкірттеріңіз жетістіктерімен ел мерейін асыра берсін!





