“Сапаны сақтау” инновациялық жобасын іске асыру аясында мектеп психологі Киманова Г.М. тарапынан “Мен есейіп қалдым” атты тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту, өзін-өзі тануына ықпал ету және жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, өз ойларымен бөлісіп, алға қойған мақсаттары туралы пікір алмасты. Тренинг жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.





