Мектебімізде 9–10 сыныптар арасында «Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге», 7–8 сыныптарда «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» тақырыптарында мазмұндама өткізілді.
Оқушылар бұл жұмыстар арқылы құқықтық мәдениеттің маңызын, қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін терең түсінді. Шара барысында оқушыларға полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі, олардың күнделікті атқаратын жауапты қызметі туралы қосымша ақпарат беріліп, түрлі өмірлік жағдайлар мысалға алынды.





