Отбасы күніне орай Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен Дауқара орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Шара барысында ата-аналар мен оқушылар бірлесе белсенді қатысып, отбасы құндылықтары, сыйластық пен бірлік туралы өз ойларын ортаға салды. Әр отбасының берекесі мен татулығы – қоғамның басты байлығы екені кеңінен насихатталды.
«Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала жағасындағы құрақ» демекші, іс-шара барысында ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі мен қамқорлығы ерекше сезіліп, отбасы жылуының маңызы айқын көрініс тапты. Отбасылық бірлік пен сүйіспеншілікке негізделген әсерлі сәттер көрініс тапты.
Аталған іс-шараны ұйымдастырған ұстаздар: Мукажанова Г.К., Токишева Д.А., Қалым Г.А.





