Бүгін мектебімізде ұлттық құндылықтарды ұлықтаған «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік концерттік бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мектеп директоры Сердалина А.С. барша ұстаздар қауымын, мектеп оқушыларын және ата-аналарды қазақ халқының ұлы мерекесі – Әз-Наурызбен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдіре отырып, әр отбасыға амандық пен бақыт, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тіледі.
Мерекелік шараға шағын орталық тәрбиеленушілері, бастауыш сынып оқушылары және 5–10 сынып оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, би билеп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сахналық қойылымдар арқылы көрерменге әсерлі түрде жеткізді.
Кештің сәнін кіргізген ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріміз ақжарма тілектерін арнап, ізгі баталарын берді. Шашу шашылып, ұлттық мерекенің көркі арта түсті.





