"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

Оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған “Мектеп – сенім аумағы” атты психологиялық апталық аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Previous Next
Оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған “Мектеп – сенім аумағы” атты психологиялық апталық аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – білім алушылар үшін қауіпсіз, қолайлы және сенімді орта қалыптастыру, олардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, өз-өзіне деген сенімділігін дамыту және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру.
Апталық барысында оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында түрлі тренингтер, әңгімелесу сағаттары мен психологиялық жаттығулар өткізілді. Қатысушылар өзара сенім мен қолдаудың маңыздылығын түсініп, коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың психологиялық сауаттылығы артып, өз эмоцияларын басқару және қиындықтарды еңсеру қабілеттері нығая түсті.
Записаться на прием