"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

Оқу жылын қорытындылау мақсатында мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Previous Next
Оқу жылын қорытындылау мақсатында мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқу жылының қорытындылары сараланып, оқушылардың білім жетістіктері, тәрбие жұмыстары мен мектеп өміріндегі атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, жыл бойы мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, білім мен тәрбие ісіне қолдау көрсеткен оқушылардың ата-аналарына ерекше құрмет көрсетіліп, арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – оқушының жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуының басты кепілі. Осындай ынтымақтастыққа үлес қосқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі шынайы ризашылығын білдіреді.
Записаться на прием