Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларына арналған “Аттандық бала шақтан, болашаққа” атты бастауыш сыныппен қоштасу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы мерекеге айналды.
Кеш барысында оқушылар өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі сахналық көріністер арқылы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінен балалардың талпынысы мен ұстазы Айнаш Жахиенаның еңбегі айқын көрініс тапты.
Бұл кеш – бастауышпен қоштасып, білімнің жаңа белесіне қадам басқалы тұрған бүлдіршіндер үшін есте қалар ерекше сәт болды. Оқушыларға ақ жол тілеп, алдағы оқу жолында биік белестерді бағындыруына ізгі тілегімізді білдіреміз.





