Мектебімізде орта буын оқушыларымен «Психоактивті заттарды қолдану: менің таңдауым – менің болашағым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – оқушыларға психоактивті заттардың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, түрлі жағдаяттарды талқылап, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Қатысушылар өз болашағына жауапкершілікпен қарап, өмірлік маңызды таңдаулар жасаудың маңыздылығын түсінді.
Әрбір жасөспірімнің болашағы – өз қолында. Дұрыс таңдау жасау – жарқын болашақтың кепілі!





