“Ұлттық кітап” күнінің жоспарына сәйкес “Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол” тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды балаларға арналған газет-журналдармен таныстыру, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге бағыт беру болды.
Іс-шара барысында көрме ұйымдастырылып, балалар басылымдары таныстырылды. Оқушылар журналдардағы суреттерді қызыға қарап, өздеріне ұнаған материалдармен танысты. Кітап пен басылымдардың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасу жүргізілді.
#Ұлттықкітапкүні
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі





