Дауқара орта мектебінде “Шабыт” жобасы аясында 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ажар Советқызының ұйымдастыруымен «Күз – береке, күз – молшылық» атты алтын күз мерекелік кеші өтті. Шара барысында оқушылар күздің сұлулығын, береке мен молшылықтың нышанын әсем әнмен, әсерлі өлеңмен, көңілді би және көріністермен өрнектеді.
Мектептің барлық сыныптары ерекше дайындықпен келіп, өздерінің тапқырлығын, ұйымшылдығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр сыныптың костюмдері де, өнерлері де жоғары деңгейде болды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
🥇 I орын – 5-сынып (құлпынайлар )
🥈 II орын – 8-сынып (пияздар )
🥉 III орын – 6-сынып (сәбіздер)
Ал 7-сынып пен 10-сынып оқушылары ерекше таланттары мен өнерлерінің арқасында «Ең талантты сынып» және «Ең өнерлі сынып» номинацияларымен марапатталды.
Мерекелік шара көрермендердің көңілінен шығып, күлкі мен қуанышқа толы тамаша кешке ұласты.
 	
						
						
						
						
						
						
						
						
						



