Көрісу күніне орай аға тәлімгер Кукенесова Д.О және Қалым Г.А ұйымдастыруымен «Амал келді – жыл келді» тақырыбында ерекше мерекелік іс-шара өтті.
Бұл күн – адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ақжарма тілектер айтып, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше дәстүрлі мереке.
Іс-шараға мектеп ұжымы мен оқушылар белсене қатысып, бір-бірімен көрісіп, «Бір жасың құтты болсын!» деп ізгі тілектерін білдірді. Аға буын мен жас ұрпақтың басын қосқан бұл мерекеде ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, ортада жылы жүз бен шынайы көңіл күй ерекше сезілді.





