География пәнінің мұғалімі Серикова А. А
5–8 сыныптар арасында “Үйде және мектепте су ресурстарын үнемдеу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, су тапшылығының жаһандық мәселелері, тұрмыста суды тиімді пайдалану жолдары және мектеп қауымдастығы үшін экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын талқылады.
Дөңгелек үстелде оқушылар бейнероликтер көріп, топтық пікірталастарға қатысты, постерлер дайындап, су үнемдеудің нақты мысалдарын ұсынды.
#Адал_азамат





