Бүгін мектеп психологі орта буын оқушыларымен
“Ішкі сыншымен диалог”әдісі бойынша тренинг өткізді.
Қатысушылармен өзін-өзі бағалау, ішкі сыншыны тану және оның әсерін азайтуға бағытталған арт-терапиялық жұмыс жүргізілді.
Қатысушылар өздерінің «ішкі сыншысын» бейнелеп, оның айтатын сөздерін талдап, пайда болатын сезімдерін зерделеді. Сонымен қатар қолдау көрсететін «ішкі қорғаушы» бейнесін жасап, екі құбылыстың арасындағы сауатты диалог құруға үйренді.
Бұл әдіс адамға өз эмоциясын жақсырақ түсінуге, жағымсыз ішкі сенімдерді әлсіретуге және өзін қолдау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тануға бағытталған пайдалы әрі жылы атмосферада өтті.
Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс!
#сқопсихологиялыққолдауорталығы
#20ҚарашаДүниежүзілікБалаларКүні2025
#БізАуыртпалықсызБалалықШақтыҚолдаймыз





