"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
Официальный интернет-ресурс

Диктант. Таза Қазақстан

Previous Next

Таза Қазақстан

Диктант
Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. «Таза Қазақстан» — бұл тек экологиялық бағдарлама емес, бұл еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан нақты қадам. Таза орта – денсаулығымыздың, амандығымыздың кепілі.
 
Қазақстанда соңғы жылдары экология мәселелері жиі көтеріле бастады. Ауа мен судың ластануы, қоқыстың көбейіп кетуі, орман-тоғайлардың азаюы – барлығы табиғатқа зиян келтіріп отыр. «Таза Қазақстан» акциясы арқылы еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаш отырғызу, өзен-көлдерді тазарту секілді игі істер атқарылып келеді.
 
Алайда бұл тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әр адамның санасында орын алуы тиіс. Әр азамат айналасын таза ұстауға, қоқысты жерге тастамауға, табиғатты аялауға міндетті. Ең маңыздысы – болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл Қазақстан қалдыру.
Записаться на прием