Бастауыш сыныптарда «Денсаулық – тәуелсіз елдің кепілі» атты танымдық-спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортты сүюге және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. Балалар түрлі спорттық ойындарға, жарыстарға қатысып, дене жаттығуларының маңызы туралы әңгімелер тыңдады. Сондай-ақ, дұрыс тамақтану мен таза ауада серуендеудің пайдасы айтылды. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, бәрі көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Бұл іс-шара балалардың бойында денсаулықтың – ел болашағының басты кепілі екенін ұғындырды.
Новости
«Денсаулық – тәуелсіз елдің кепілі» атты танымдық-спорттық іс-шара
Просмотров: 9





