Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп психологы Киманова Г.М. “Эмпатия және зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық” тақырыбында
8–11 сынып оқушыларына арналған арт-терапиялық бағыттағы тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – жасөспірімдерде эмпатияны дамыту, өз сезімдерін түсініп, басқалардың эмоциясын құрметтеуді үйрету, сондай-ақ зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру болды.
Қатысушылар түрлі рөлдік ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы:
• өз сезімдерін дұрыс білдіруді,
• агрессияны басқаруды,
• төзімділік пен тыңдау дағдыларын арттыруды үйренді.
Осындай тренингтер жасөспірімдердің өзара түсіністігін арттырып, жағымды психологиялық орта қалыптастыруға көмектеседі.
#СҚОПсихологиялықҚолдауОрталығы
#20ҚарашаДүниежүзілікБалаларКүні2025
#БізАуыртпалықсызБалалықШақтыҚолдаймыз





