Дүниежүзілік балалар күніне орай
біздің мектепте 10-14 қараша аралығында ерекше мағынасы бар психологиялық акция өтті.
Акция барысында 3–11 сынып оқушылары өздеріне анонимді хат жазып, өз өмірінде және отбасында нені өзгерткісі келетінін, қандай жақсы әдеттерді қалыптастырғысы келетінін шынайы түрде бөлісті.
Бұл жұмыс балаларға:
өз сезімдерін ашуға, ішкі тілектерін түсінуге, отбасылық құндылықтарды қайта бағалауға
көмектесті.
Әр бала хат арқылы өзіне кішкентай, бірақ маңызды қадам жасады.
Біз оқушылардың өз-өзін тануға және отбасы ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған осындай шараларға белсенді қатысқанын қуана атап өтеміз.
#сқопсихологиялыққолдауорталығы
#20ҚарашаДүниежүзілікБалаларКүні2025
#БізАуыртпалықсызБалалықШақтыҚолдаймыз





