Бүгін мектебімізде “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тақырыбында тағылымды сынып сағаттары өтті. Шара барысында өсіп келе жатқан бойжеткен қыздарымызға ақылды, әдепті, білімді, көрікті мінезді, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін не істеу керек деген маңызды сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Қыз баланың тәрбиесі – тұтас ұлттың тәрбиесі екені айтылып, ұлттық құндылықтар, инабаттылық, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу мен білімге ұмтылудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сынып сағатында қазақ тарихында өшпес із қалдырған дана аналардың өнегелі өмірі үлгі етілді. Атап айтқанда, Зере, Ұлжан, Айғаным, Бопай ханша сынды аналарымыздың парасаты мен даналығы сөз болды. Сондай-ақ ел үшін ерлік көрсеткен батыр қыздарымыз – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова ерлігі жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.





