Бүгін 9-сынып оқушылары «Түлектер аллеясы» аясында мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл – туған мектебіне деген құрмет пен табиғатқа жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Оқушылар еккен әрбір ағаш – болашаққа қалдырған ізгі мұра, жасыл желекке қосқан үлес. Осындай игі іске атсалысқан оқушыларымызға алғыс айтып, көшеттердің тамыры терең, ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз! 






